СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖҮЛДЕЛІ III ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ
Казталов ауданының білім беру бөлімінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың бейнелеу қызметіндегі, сәндік-қолданбалы өнердегі шығармашылық әлеуетін анықтау және ынталандыру, сондай-ақ шығармашылық қызметтерін ынталандыру және қолдау арқылы әлеуметтік оңалту мақсатында аудандық «Шексіз шығармашылық»тақырыбында қашықтан байқау өткізілген болатын.
Аталмыш байқаудың «Алтын қолдар» сәндік-қолданбалы өнер бағыты /Кіші топ 7-10 жас/бойынша қатысқан Казталов мектеп-лицейінің 5 ТДО сыныбының оқушысы Шамгунова Муслима жүлделі III орынға ие болды.
Жетекшісі: Эльнора Жардемалиева Жүсіпбекқызы
Сондай-ақ әр түрлі бағыт бойынша қатысқан оқушыларымыз Қадырболат Айша, Ғалияқпар Омар, Шамгунова Айша, Сексенбаев Сұлтанбектер "Алғыс хаттарға" ие болды.
Ұстаздарымыздың мерейі үстем болып, шәкірттеріміздің алар асулары көп болсын!!!






