Мұғалімнің іс - әрекеті Ұйымдастыру Балалардың назарын сабаққа аудару. а) Балаларды қарапайым математикалық түсінік беру пәнімен таныстыру; ә) Пәнді оқытудың мақсаты — міндеттерін ұғындыру. Негізгі а) Жаңа материалды түсіндірмес бұрын сынып бөлмесінен, он дағы заттарды таныстырып, салыстыру жұмыстары жүргізіледі. Сыныптың бөлмесі қандай? (Кең). Терезелері қандай? (Үлкен). Мектептің дәлізі қандай? (Кең, ұзын). Мектеп үйі ше? (Биік, үлкен), т. с. с. ә) Оқулықпен жұмыс. 1. Бала оқулықтағы екі үйді салыстырады. Мұғалім не тәрбиешінің сұрақтары арқылы екі үйдің айырмашылықтары айтылады. Екі үйдің біреуі биік әрі үлкен, екіншісі аласа, әрі кіші екендігін; үлкен үйдің бөлмелері кең, кіші үйдің бөлмелері тар, дәліздері де ұзын, бірінікі қысқа болуы мүмкін екендігі анықталады.






